Accessibility links

Әзербайжан Таулы Қарабақта екі сарбазы оққа ұшқанын мәлімдеді


Таулы Қарабақ аймағы. (Көрнекі сурет)
Таулы Қарабақ аймағы. (Көрнекі сурет)
Бүгін Әзербайжан қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні Таулы Қарабақ аумағы маңында армян әскерінің атқылауы салдарынан екі сарбазының мерт болғаны туралы мәлімдеді.

Бұл оқиға оңтүстік Кавказға Франция президенті сапарының басталуымен дөп келіп отыр. Бүгін Армения астанасынан сапарын бастаған Николя Саркози ертең Әзербайжан мен Грузияға бармақ.

1990 жылдардың басында Әзербайжанның этникалық армяндар басым тұратын Таулы Қарабақ аумағында тұтанған ұлтаралық жанжалда армян жікшілдері Арменияның қолдауына сүйенді. Армения мен Әзербайжан арасында қарулы қақтығыс мыңдаған адамның өмірін қиды.

Содан бері қырғи-қабақ бұл екі елді бейбіт бітімге келтіруге деген халықаралық қауымдастықтың талпыныстары әзірге нәтиже бермей келеді.
XS
SM
MD
LG