Accessibility links

Франция қорғаныс министрі: "НАТО-ның Ливиядағы операциясы жалғаса береді"


НАТО-ның Ливиядағы операцияларына қатысқан француз әскери ұшақтары.
НАТО-ның Ливиядағы операцияларына қатысқан француз әскери ұшақтары.
Ливияда Муаммар Каддафи режимі құлағанына қарамастан НАТО әуе күштерінің операциялары жалғаса береді. Бұл туралы бүгін Франция қорғаныс министрі Жерар Лонге мәлімдеді.

Оның айтуынша, қарулы қарсылық көрсетіп жатқан Каддафиді қолдайтын күштердің көзі толық жойылып, Ливияның жаңа үкіметі операцияны тоқтату туралы өтініш айтқанға дейін НАТО әуе күштері соққыларын жалғастыра бермек.

Ливиядағы Муаммар Каддафи режиміне қарсы НАТО әуе күштерінің операциясы наурыз айында басталған еді. Содан бері одақтастар күштері әскери нысандарға тоғыз мыңнан аса соққы бергені туралы айтылып отыр.

Бүгін Бельгия астанасы Брюссельде НАТО ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі аяқталады. Жиынның күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе - Ливиядағы операция жайы болатын.
XS
SM
MD
LG