Accessibility links

Гонконг билігі Ким Чен Ирдің немересіне виза бермей қойды


Ким Хан Солдың әкесі Ким Чен Нам. Макао, 4 маусым 2010 ж.

Ким Хан Солдың әкесі Ким Чен Нам. Макао, 4 маусым 2010 ж.

Гонконгтың билік орындары Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ирдің немересі - 16 жастағы Ким Хан Солға студенттік виза бермей қойды деп хабарлады бүгін Гонконгта шығатын "South China Morning Post" газеті.

Гонконгтағы халықаралық колледжге оқуға қабылданғанымен, визаға қол жеткізе алмаған Ким Хан Сол бұдан соң осы халықаралық колледждің Босния және Герцеговинаның Мостар қаласындағы білім мекемесіне ауысуға мәжбүр болған деп жазады басылым.

Әзірге бұл хабарға байланысты ешқандай түсініктеме бермеген Гонконг билігі Солтүстік Корея, Непал және Камбоджа азаматтарына студенттік виза берілмейтіндігін растаған.

Солтүстік Корея жетекшісінің үлкен ұлы Ким Чен Намның баласы Ким Хан Сол әкесімен бірге Португалияның бұрынғы отары, ал қазірде Қытайдың арнайы әкімшілік аймағы – Макаода тұрады деп жазады газет.
XS
SM
MD
LG