Accessibility links

Би-би-си алдағы 5 жылда екі мың жұмыс орнын қысқартпақ


Би-би-си корпорациясы Әлемдік қызметінің бас кеңсесі. Лондон, 22 қыркүйек 2011 ж.
Би-би-си корпорациясы Әлемдік қызметінің бас кеңсесі. Лондон, 22 қыркүйек 2011 ж.
Ұлыбританияның хабар тарататын корпорациясы (Би-би-си) алдағы бес жылда екі мың жұмыс орнын қысқартатыны туралы жариялады.

Корпорацияның бас директоры Марк Томпсонның айтуынша, бұл шара елде телевизия үшін алынып келген салықтың тоқтатылуына байлансты Би-би-си бюджетін 20 пайызға қысқарту қажеттігінен туындап отыр.

Ұйымның жыл сайынғы есебінде бұл корпорация тарихындағы ең көлемді қысқарту болатындығы жазылған. Корпорация қазіргі хабар тарату көлемі мен сапасын сақтап қалуға барынша тырысқандарын айтқан.

Қазір Би-би-си корпорациясында 23 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG