Accessibility links

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы швед ақынына берілді


Швед ақыны Томас Транстремер.

Швед ақыны Томас Транстремер.

Швед ақыны Томас Транстремер әдебиет саласы бойынша 2011 жылғы Нобель сыйлығына ие болды.

Бұл туралы Нобель сыйлығы комитетінің шешімінде Транстремердің туындылары «өзінің мазмұнды тұнық бейнелерімен шынайы өмірге тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретіндігі» айтылған.

12 өлең және прозалық кітаптардың авторы 80 жастағы Томас Транстремердің негізгі мамандығы – психолог. 23 жасында, 1954 жылы алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрген. Оның шығармалары 50-ден аса тілге аударылған. «Қаралы гондола» атты өлеңдер жинағы Швецияда 30 мың дана таралыммен шыққан. Бұл өлең кітабы үшін өте үлкен таралым болып саналады.

Ақын бұған дейін Швеция, Германия және өзге елдерде әдеби сыйлықтардың иегері атанған.
XS
SM
MD
LG