Accessibility links

Барак Обама Пәкістанды "сезіктілермен" байланысы үшін сынады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Пәкістанның арнайы қызметін Ауғанстандағы "кейбір сезіктілермен" байланысы үшін сынады.

Обаманың пікірінше, Пәкістан билігі дәл сол адамдар Ауғанстаннан халықаралық күштер кеткен соң билік басына келеді деп үміттенеді. "Егер Исламабад ұзақ мерзімді екіжақты қарым-қатынастар болғанын қаласа, онда Вашингтонның алаңдаушылығын назарға алуы тиіс" деп ескертті Ақ үй жетекшісі.

Бұған дейін АҚШ пәкістандық арнайы қызмет "Хаккани" тобының бүлікшілерімен байланысы бар деп айыптаған еді. АҚШ осы топ қыркүйектің 20-сы күні Кабулда Ауғанстанның бұрынғы президенті Бурхануддин Раббаниді қастандықпен өлтірді деп санайды.

Биыл мамыр айында АҚШ әскерилері Пәкістанда жүргізген арнайы операция барысында "әл-Қаида" ұйымының көсемі Усама бин Ладенді өлтіргеннен кейін Вашингтон мен Исламабад арасындағы қарым-қатынас суып кетті.
XS
SM
MD
LG