Accessibility links

Усама бин Ладенді табуға көмектескен дәрігер сотталуы мүмкін


Усама бин Ладен.
Усама бин Ладен.
АҚШ әскерилеріне Усама бин Ладенді табуға көмектескен дәрігер Шакил Африди "опасыздық" жасағаны үшін сотталуы тиіс деп мәлімдеді Пәкістан үкіметтік комиссиясы.

Доктор Африди америкалық Орталық барлау басқармасының тапсырмасы бойынша бин Ладенді ұстауға көмектескен деген айыппен қамауда отыр. Оны биыл мамыр айында, АҚШ әскерилері Пәкістанның Абботтабад қаласында жүргізген арнайы операция нәтижесінде "әл-Қаида" ұйымының көсемі Усама бин Ладенді өлтіргеннен кейін іле-шала, Пәкістан барлау қызметі ұстаған.

Сол кезде АҚШ және Пәкістан өкілдері доктор Африди бин Ладеннің ДНК үлгісін алу мақсатында қала тұрғындар арасында вакцинация жүргізді деп мәлімдеген еді.

Қамауда отырған Шакиль Афридидің адвокат жоқ.
XS
SM
MD
LG