Accessibility links

Журналист Павлюктің қазасына қатысты сот үкімі 11 қазанда шығады


Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. Жеке мұрағаттағы сурет.

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. Жеке мұрағаттағы сурет.

Қырғызстандық журналист Геннадий Павлюктің қазасына қатысты айыпталғандарға сот үкімі 11 қазанда шығады. Бұл туралы бүгін Азаттық радиосына осы істі қарап жатқан Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ахметқали Молдағалиевтың көмекшісі хабарлады.

Тергеушілердің қортындысы бойынша, 2009 жылы желтоқсанның 16-сы күні Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан журналист Геннадий Павлюкті аяқ-қолын байлап жерге лақтырып жіберген. Сол жерден өте ауыр халде ауруханаға жеткізілген журналист есіне келмеген күйі желтоқсанның 22-сінде Алматы ауруханасында қайтыс болды.

Марқұмның туыстары мен әріптестері оның өлімін кәсіби қызметімен байланыстырады, бірақ қазақ тергеушілері бұл қылмыстың "саяси астары жоқ" деген байлам жасады.

Журналистің өліміне қатысты Қазақстанның екі азаматы - Алмас Игіліков пен Шалқар Оразалинге, сондай-ақ Қырғызстан азаматы Алдаяр Исманқұловқа айып тағылды.
XS
SM
MD
LG