Accessibility links

БҰҰ: Сирияда наразылық басталғалы 2900 адам қаза болған


Идлибте өткен үкіметке қарсы шеру. Видеодан алынған сурет. Сирия, 30 қыркүйек 2011 ж.
Идлибте өткен үкіметке қарсы шеру. Видеодан алынған сурет. Сирия, 30 қыркүйек 2011 ж.
Сирияда билікке қарсы жаппай наразылық басталғалы бері қаза болғандар саны 2900 адамнан асты. Бұл туралы бейсенбі күні БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссарының өкілі Руперт Колвил хабарлады.

Оның айтуынша, бұл тізімге хабар-ошарсыз кеткендер енбеген.

Бұған дейін БҰҰ-ның өкілдері Сирияда президент Башар Асадтың режиміне қарсы жаппай наразылық толқуы барысында 2700-ден астам адам қаза болғаны туралы хабарлаған болатын.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Сириядағы жағдайға байланысты батыс елдері ұсынған қарарды қабылдауға қарсы болған Қытай мен Ресейді сынаған еді.
XS
SM
MD
LG