Accessibility links

Хамид Қарзай: "Ауған билігі мен НАТО елде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады"


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай.

Тәліптер билігінің құлатылғанына он жыл өтсе де, Ауғанстан билігі мен НАТО елде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады деп мойындады Ауғанстан президенті Хамид Қарзай британдық Би-би-си ақпарат құралына берген сұқбатында.

Ол сондай-ақ Пәкістанды бүлікшілермен байланысы бар деп айыптап, олардың елдегі ұясын жою керек деп санайды. Хамид Қарзай 2014 жылы өзінің отставкаға кететінін, қазір орнына қалатын ізбасар мәселесін ойластырып жатқанын хабарлаған.

Бұған дейін Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесуші халықаралық күштердің бұрынғы қолбасшысы генерал Стэнли Маккристал АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операцияны ол ел туралы үстірт түсінікпен бастағанын және тым созылып кеткен бұл операцияны қалай аяқтауды әлі күнге білмей отырғанын мәлімдеп, сынға алған еді.

Генерал Маккристал "АҚШ пен одақтастары Ауғанстанға қатысты алға қойған мақсаттарының жартысына да жеткен жоқ" деген баға берді.
XS
SM
MD
LG