Accessibility links

Қазақстанда АҚШ-тың жаңа елшісі жұмысқа кірісті


АҚШ туы. (Көрнекі сурет)

АҚШ туы. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда АҚШ-тың жаңа елшісі Кеннет Фэирфакс ресми қызметін атқаруға кірісті деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеннет Фэирфакс қыркүйектің 30-ынан бастап жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі қызметінде істеген Ричард Хоугландтың өкілет мерзімі биыл қаңтардың ортасында аяқталған еді.

Содан бері Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін Джон Ордвей уақытша атқарды.
XS
SM
MD
LG