Accessibility links

Назарбаев Путинді туған күнімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Стамбул, 8 маусым 2010 ж.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Стамбул, 8 маусым 2010 ж.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін телефон арқылы Ресей премьер-министрі Владимир Путинді туған күнімен құттықтағаны туралы ақпарат президенттің ресми сайтында жарияланды.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, бақыт пен жақсылық тіледі», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, екіжақты және көпжақты әріптестік мәселелеріне қатысты пікір алмасқаны айтылған.

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин 59 жасқа толып отыр.

2000-2008 жылдар аралығында Ресей президенті болған Владимир Путин өткен айда алдағы жылы өтетін президент сайлауына түсуге ықылас білдірген еді.
XS
SM
MD
LG