Accessibility links

АҚШ Тунистің демократияға өтуіне қаржылай көмектеспек


АҚШ президенті Барак Обама

АҚШ президенті Барак Обама

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон Тунистің ондаған жылдық ауторитарлық билігінен кейін демократияға өтуіне қаржылай көмектеседі деп мәлімдеді.

Бұл туралы Обама Вашингтонда Тунис премьер министрі Әл-Баджи Каид Ассабсимен келіссөз өткізген соң хабарлады. Ассабси - Ақ үйге барған "Араб көктемі" еліндегі алғашқы өтпелі үкіметтің жетекшіcі.

АҚШ ақпан айында президент Зин әл Әбидин Бен Әли биліктен құлатылған соң Туниске 39 миллион доллар берген болатын. Вашингтон енді бұл елге несие беріп, сауда және экономика саласында көмектеспекші.
XS
SM
MD
LG