Accessibility links

Сирия оппозициясы Каирде кездеседі


Сирия үкіметіне қарсы шеру. Хама, 7 қазан 2011 жыл.
Сирия үкіметіне қарсы шеру. Хама, 7 қазан 2011 жыл.
Сирия оппозициясының ұлттық кеңесі бүгін Каирде кездесіп, елдегі жағдайды талқылайтынын хабарлады.

Кеңес баспасөз хатшысы Басма Кадмани ханымның айтуынша, оппозиция халықаралық қауымдастықты Сириядағы үкіметке қарсы наразылық шарасын қолдауға шақырмақ.

140 мүшесі бар аталмыш кеңес жексенбіде Түркияда құрылған болатын. Оның мақсаты президент Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап етіп келе жатқан наразылық танытушылардың артында тұрған оппозициялық топтарды біріктіру болып табылады.

Оппозициялық белсенділердің айтуынша, жұма күні Сирияда үкіметке қарсы шерулерде кемінде жиырма адам қаза болған.

БҰҰ-ның мәліметінше, Сирияда наурыз айында наразылық шаралары басталғалы бері 187 бала өлтірілген. Билікке қарсы жаппай шерулер барысында қаза болғандардың жалпы саны 2900 адамнан асқан.
XS
SM
MD
LG