Accessibility links

Йемен оппозициясы Нобель сыйлығы берілген ханымның жеңісін атап өтуге шақырды


Нобель бейбітшілік сыйлығымен марапатталған йемендік құқық қорғаушы Таваккул Карман. Сана, 7 қазан 2011 жыл.

Нобель бейбітшілік сыйлығымен марапатталған йемендік құқық қорғаушы Таваккул Карман. Сана, 7 қазан 2011 жыл.

Йемен оппозициясы Таваккул Карман ханымның Нобель бейбітшілік сыйлығын жеңіп алуын атап өту үшін халықты шеруге шығуға шақырып отыр. Бұл туралы үкіметке қарсы вебсайттар хабарлады.

Қазанның 7-сі күні Нобель сыйлығы жөніндегі комитет шешіміне сәйкес 2011 жылғы Бейбітшілік сыйлығы йемендік құқық қорғаушы Таваккул Карманға және Либерия президенті Элен Джонсон Серлиф пен оның отандасы, қоғам белсендісі Лейма Гбовиге берілді.

«Араб көктемі» кезінде Йемен президенті Әли Абдолла Салехқа қарсы жаппай толқуды ұйымдастырушылардың бірі - Таваккул Карман сөз бостандығы мен адам құқығы үшін күресетін «Еркін журналист әйелдер» құқық қорғау ұйымын құрған болатын.
XS
SM
MD
LG