Accessibility links

Грузия Ресеймен ДСҰ-на қатысты келіссөздер нәтижесіз аяқталды деді


Грузияның ресми өкілі Мәскеудің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу ниеті бойынша Ресеймен өткен келіссөздер еш нәтижесіз аяқталды деді.

"Рейтерс" агенттігіне берген сұқбатында, Грузия делегациясын Швейцариядағы келіссөздерге бастап барған сыртқы істер вице-министрі Сергей Капанадзе «егер Ресей басып алынған аймақтардағы саудаға қатысты ұстанымын өзгертпесе, Тбилиси Мәскеудің ДСҰ-на кіруіне келісім бермейді» деді.

Капанадзе басып алынған аймақ деп Грузиядан бөлініп, өз тәуелсіздіктерін жариялаған жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияны айтып отыр.

Ресейдің ДСҰ-на мүше болуына кедергі болып келген соңғы мәселелер бойынша Мәскеу мене Тбилиси арасындағы келіссөздерге Швейцария арағайындық жасаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG