Accessibility links

Каддафиге қарсы күштер Сирт қаласын алуға жақын қалдық деді


Сирт қаласы үшін шайқас әлі жалғасып жатыр.

Сирт қаласы үшін шайқас әлі жалғасып жатыр.

Ливиядағы уақытша үкіметтің күштері биліктен қуылған президент Муаммар Каддафиге жақын жасақтардың базасы болып келген Сирт қаласының орталығын жартылай басып алғандарын айтты.

Ливия өтпелі кеңесінің күрескерлері қалада шатырлар үстіне бекінген мергендерді нысанаға алған. Ливияның уақытша үкіметі Сирт қаласында кедергілер орнатып тастаған Каддафи жақтастарының қарсылығына әлі де тап болып отыр.

Каддафиді қолдаушы күштер Бани-Валид қаласына барар жолды да ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG