Accessibility links

Йемендік Нобель сыйлығының иегері ақшасын халыққа бөліп беретінін айтты


Йемендік құқық қорғаушы белсенді Тавакулла Карман.
Йемендік құқық қорғаушы белсенді Тавакулла Карман.
Йеменнің адам құқын қорғаушы белсендісі, 2011 жылғы Нобель сыйлығының иегері Тавакулла Карман өзінің сыйлыққа алған ақшасын Йеменнің халық қазынасына беретінін айтты.

Бұл туралы хабарлаған йемендік оппозициялық сайттың мәліметіне қарағанда, Карман сенбі күні кешкісін Санаадағы жұртпен кездескенде, өзінің Нобель комитетінен сыйақыға алған жарты миллион доллар қаржысын президент Али Абдулла Салех биліктен кеткеннен кейін Йемен халқына беретінін айтты.

Оның алдында Йеменді 33 жыл басқарған Салех алдағы күндері биліктен кететінін айтқан. Йеменде оның ұзақтан бергі режиміне қарсы соңғы 9 ай бойы наразылық жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG