Accessibility links

Сот «Стан-ТВ» компаниясының шағымын қанағаттандырмады


«Стан-ТВ» интернет-порталы сайтының көрінісі.

«Стан-ТВ» интернет-порталы сайтының көрінісі.

Алматының әкімшілік істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты Алмалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның шығарған қаулысына қарсы оппозициялық «Стан-ТВ» интернет-порталының берген шағымын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы бүгін «Әділ сөз» қоғамдық қоры хабарлады.

Қазанның 6-да өткен сот мәжілісінде, бұрынғысынша, санитарлық-эпидемиологиялық станция өкілдері интернет-порталдың хабар таратып-қабылдайтын құрал-жабдығының зиянды әсері туралы сөздерін дәлелдейтін құжаттар келтіре алған жоқ делінген «Әділ сөз» қорының хабарламасында.

Санитарлық-эпидемиологиялық станция қаулысында «Стан-продакшн» кеңсесіндегі температура мен электромагниттік сәуле деңгейі шекті мөлшерден көп екендігі, ал интернет-провайдердің хабар таратып-қабылдайтын құрал-жабдығы адамдар денсаулығына зиянды әсер ететіні туралы айтылған. Осылардың негізінде сот интернет-порталдың қызметін тоқтатуды сұраған СЭС қызметінің өтінішін қанағаттандыру туралы қыркүйектің 27-і күні шешім қабылдаған еді.
XS
SM
MD
LG