Accessibility links

Жаңаөзенде мұнайшылар белсендісіне оқ атылғаны хабарланды


Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі.

Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі.

Жексенбі күні кешке Жаңаөзен қаласында мұнайшылар белсендісі Жанар Сақтағановаға шабуыл жасалғаны туралы хабарлады Азаттық радиосына оқиғаның куәгері, «Халық майданы» қозғалысының белсендісі Айжангүл Амирова қазанның 10-ы күні.

Оның айтуынша, оқиға жергілікті уақытпен сағат 21.45 шамасында болған.

- Біз Жанар Сақтағанова екеуміз үйімізге келе жатқанбыз. Подъездің дәл алдына келгенде үйдің бұрышынан шыға келген белгісіз адам жүгіріп өтіп бара жатып оқ атты да қашып кетті. Сірә, ол резеңке оқ болуы керек. Денесіне оқ тиіп ауырсынған Жанарға дереу дәрігер шақырдық. Жедел жәрдеммен оны ауруханаға жеткізді, - деді Айжангүл Амирова.

Ол оқиға болған жерге полиция өкілдерінің де келгенін айтты. Алайда, әзірге құқық органдары бұл оқиғаға қатысты еш ақпарат берген жоқ. Оқ атқан адамның кім екендігі де белгісіз қалып отыр.
XS
SM
MD
LG