Accessibility links

Досының қылығы британ қорғаныс министрін елден кешірім сұрауға мәжбүр етті


Британ қорғаныс министрі Лиам Фокс (ортада) және премьер-министр Дэвид Кэмерон (оң жақта) парламенттің өкілдер палатасында. Лондон, 7 шілде 2010 ж.

Британ қорғаныс министрі Лиам Фокс (ортада) және премьер-министр Дэвид Кэмерон (оң жақта) парламенттің өкілдер палатасында. Лондон, 7 шілде 2010 ж.

Ұлыбритания қорғаныс министрі Лиам Фокс өзінің жақын досы әрі бұрын бір пәтерде бірге тұрған Адам Уэррити есімді азаматпен қарым-қатынаста болғаны үшін жұрттан кешірім сұрады.

Ешқандай ресми қызметте істемесе де, елге өзін "министрдің кеңесшісімін" деп таныстырған Уэрритимен достығы үшін Лиам Фокс ащы сынға қалды.

Премьер-министр Дэвид Кэмерон қорғаныс министрі мен оның әлгі "кеңесшінің" қарым-қатынасының сипаты туралы алдын ала тексеру қортындысы дүйсенбі күні өзіне тапсырылуын талап етті деп хабарлады Би-би-си.
XS
SM
MD
LG