Accessibility links

Жапонияда күшті жер сілкінісі тіркелді


Жапония картасы.
Жапония картасы.
Бүгін Жапонияның шығыс жағалауында 5,5 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады жапондық "Эн-эйч-кей" телеарнасы.

Жер сілкінісінің кіндігі Фукусима префектурасында, Хонсю аралындағы Иваки қаласынан солтүстік-шығысқа қарай болған деп хабарланып отыр.

Ел астанасы Токио қаласында да жер асты дүмпулері сезілген. Бірақ олар "Фукусима-1" атом электр стансасындағы жөндеу жұмыстарының барысына ешқандай әсер етпеген деп хабарлайды жапон телеарнасы.

Бүгінгі жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түспеген.
XS
SM
MD
LG