Accessibility links

Евгений Жовтис «ерлігі үшін» марапатталды


Қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтис.

Қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтис.

Қырғызстанда өткен адам құқығы жөніндегі деректі фильмдер фестивалінде «Азаттық үшін күрестегі ерлігі үшін» номинациясы сыйлығына қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтис лайық деп танылды. Бұл туралы Азатық радиосына Евгений Жовтисті қорғау жөніндегі комитет жетекшісі Сергей Дуванов хабарлады.

«Бір Дуйно – Қырғызстан-2011» фестивалінде осындай сыйлықтармен қырғыз құқыққорғаушысы Азимжан Асқаров пен беларусь құқыққорғаушысы Алесь Беляцкий марапатталды.

2009 жылы қазақ соты жол-көлік оқиғасы кезінде адам қағып өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, төрт жылға бас еркіндігінен айырған Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі бюросының бұрынғы жетекшісі Евгений Жовтис қазір Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы қоныстандыру колониясында сот жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG