Accessibility links

Чикагода әлеуметтік теңсіздікке қарсы наразылық шеруі өтті


Наразылық шеруіне шыққан адам "Корпоратократия емес, демократия" деген жазу ұстап тұр. Лос-Анджелес, 3 қазан 2011 ж. (Көрнекі сурет)
Наразылық шеруіне шыққан адам "Корпоратократия емес, демократия" деген жазу ұстап тұр. Лос-Анджелес, 3 қазан 2011 ж. (Көрнекі сурет)
АҚШ-тың Чикаго қаласында дүйсенбі күні бірнеше мың адам әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдіріп шеруге шықты. Шерушілердің арасында мұғалімдер, жұртқа белгілі діни қайраткерлер болды.

Бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, қаланың орталық көшелерінің біріндегі көлік жолына отырып алып: «Мектептерімізді құтқарып, үйлерімізді сақтап қалайық!» деп ұрандатқаны үшін 27 адамды полиция ұстаған.

Чикаго қаласының мэрі Рам Эмануэл соңғы он жылда елде болып жатқан экономикалық процестер орта тапқа жататын тұрғындардың басында «бұрын-соңды болмаған ашу-ыза туғызатындығын» мәлімдеді.

Бұған дейін Нью-Йорк қаласында «Уолл-стритті басып алайық!» деген ұранмен жаппай наразылық шарасы өткен еді.
XS
SM
MD
LG