Accessibility links

Ливия үкіметінің күштері Сирт қаласын бақылауына ала бастады


Сирт қаласының азат етілген жерлері. 9 қазан. 2011
Сирт қаласының азат етілген жерлері. 9 қазан. 2011
Ливия уақытша үкіметінің хабарлауынша, Каддафиге қарсы күштер Сирт қаласына бақылауды алу жолындағы шайқаста айтарлықтай жеңіске жетіп жатыр.

Сирт қаласына бекініп алған биліктен қуылған жетекші Муаммар Каддафидің жақтастары қатты қарсылық көрсетіп жатыр. Триполидің көтерілісшілер қолына өтіп, Сиртті үкімет күштері ала алмай жатқанына алты аптадан асты.

Ливияның жаңа жетекшілігі Сирт қаласы азат етілген соң, Ливияның азаттығы туралы жариялаймыз деген. Жексенбі күні уақытша үкімет күштері Каддафи жасақтарының қолындағы стратегиялық аймақтарды басып алды.
XS
SM
MD
LG