Accessibility links

Қырғызстандықтар жергілікті әкімнің босатылуын талап етті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстан оңтүстігінде бір мыңдай шеруші аудандық үкімет үйін қоршап алып, пара алды деген айыппен қамалған жергілікті әкімдерін босатуды талап етті. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлап отыр.

Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданының басшысы Ұлан Баймұрзаев демалыс күндері Ош қаласында тұтқындалып, қазір уақытша терген абақтысында отыр. Оның қамалуына наразылық танытушылар өздерінің Баймұрзаев пара алады деп сенбейтіндерін, оның қамалуының саяси астары бар деп білетіндіктерін айтқан.

Шерушілер Баймұрзаев өткен жылғы оңтүстіктегі қырғыз-өзбек қақтығысынан кейін елді қалпына келтіруде айтарлықтай іс атқарды деп отыр.
XS
SM
MD
LG