Accessibility links

Қырғызстандағы қауіпсіздік операциясында 20 адам ұсталған


Ош қаласы
Ош қаласы
Қырғызстанның қауіпсіздік күштері террорист деген деген күдікпен 20 адам қамауға алған.

Бұл рейд өткен демалыс күндері Ош аймағында 15 жолаушысы бар мини-автобусты басып алған адамды полиция атып өлтірілген соң болып отыр. Қауіпсіздік ресмилері ол күдікті "Ислам жихады" ұйымының мүшесі деді.

Ош қаласындағы ішкі істер департаменті өкілі Замир Сыдықов AFP ақпарат агенттігіне берген сұқбатында, Қырғызстанның оңтүстігінде террорлық топтарға қатысты бар деген күдіктілерді іздеу операциясы жалғасып жатыр деген.

Бұл қауіпсіздік операциялары Қырғызстанда қазанның 30-да өтетін президенттік сайлаулар қарсаңында жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG