Accessibility links

Иран өзінің Азар мұнай кенішін дамыту жөнінде Ресейдің "Газпром Нефть" компаниясымен келісім-шартын "кешігулер қайталана берген соң" кейінге қалдырғанын айтты.

Иранның ұлттық мұнай компаниясының басшысы Ахмад Қалебани өз компаниясы Газпромға бірнеше рет жұмысты тезірек бастау жөнінде ескерту жасағанын, бірақ оған ешкім мән бермегенін айтып отыр.

Ресейлік мұнай компаниясы мен ирандықтар Азар кенішін игеру жөнінде 2009 жылы келісім-шарт жасасқан.

Иран-Ирақ шекарасында жатқан мұнай кенішінде 2 миллиард баррель мұнай бар екені айтылған. Оның 40 пайызы Иран жағында жатыр.

Қалебанидің сөзіне қарағанда, ирандық компаниялар Газпромнан бұл жобадағы үлесін қайтарып алуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG