Accessibility links

Дүйсенбінің кешінде Ирак астанасында үш жарылыстан 10 адам қаза тауып, 20-дан астам кісі жараланды. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері бар.

Террорлық жарылыстар шийттер басым тұратын Искан ауданында болды. Әуелі жарылыс автокөлікте болды. Арада бірнеше минут өткенде оқиға болған жерге «жедел жәрдем» көлігі жеткен кезде екінші жарылыс, тағы біршама уақыттан соң - жүз метрдей жерде үшінші жарылыс болған.

Ресми деректер бойынша, қыркүйек айында Иракта түрлі жарылыс-шабуылдар салдарынан 185 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG