Accessibility links

Хиллари Клинтон 2012 жылдан соң саясаттан кетпек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Санта-Доминго, Доминикан республикасы, 5 қазан 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Санта-Доминго, Доминикан республикасы, 5 қазан 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ел президенті Барак Обаманың қазіргі қызмет өкілетінің мерзімі аяқталған соң саясаттан кететінін мәлімдеді.

Сейсенбі күні "Ассошейтед пресс" агентігіне берген сұқбатында Клинтон 2012 жылы болатын АҚШ президентінің сайлауында Барак Обаманың тағы да жеңіске жететіндігіне үміт білдіргенімен, өзінің қандай да бір саяси қызметке сайлану ниеті жоқ екендігін айтқан.

«Мен уақытымды жеке өміріме арнағым келеді» дейді Хиллари Клинтон.

Биыл қазан айында 64 жасқа толғалы отырған Хиллари Клинтон 2008 жылы сенатор болып тұрған кезде Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне бірегей кандидат болуға саяси бәсекенің ақтық кезеңінде партияласы Барак Обамаға жол берген еді. Обама президент болып сайланған соң Хиллари Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.
XS
SM
MD
LG