Accessibility links

Судья Юлия Тимошенконың ісі бойынша үкімді оқып жатыр


Үкім оқылып жатқан сот үйі алдында жиналған Тимошенконың жақтастарының жолын құқық қызметкерлері бөгеп тұр. Киев, 11 қазан 2011 ж.
Үкім оқылып жатқан сот үйі алдында жиналған Тимошенконың жақтастарының жолын құқық қызметкерлері бөгеп тұр. Киев, 11 қазан 2011 ж.
Бүгін Киев қаласының Печерский аудандық сотының судьясы Радион Киреев Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың ісі бойынша сот үкімін оқи бастады.

Юлия Тимошенкоға 2009 жылы Ресеймен газ келісімдерін жасаған кезде қызмет өкілетін асырып, "Украина нафтогазы" компаниясына 1,5 миллиард гривнаға (шамамен 190 миллион долларға жуық) зиян шектірген деген айып таққан Украина бас прокуратурасы соттан экс-премьерді жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Юлия Тимошенко өзіне тағылып отырған айыптардың ешқайсысын мойындамай, саяси қуғынның құрбаны болып отырғанын айтады.

Қазір үкім оқылып жатқан сот ғимараты алдында жиналған Тимошенконың жақтастарын Украина құқық органдары арнайы тобы бөгеп, ғимараттың ішіне жібермей тұр.
XS
SM
MD
LG