Accessibility links

Израиль ХАМАС-тағы кепілдегі бір сарбазын 1027 тұтқынға айырбастамақ


Израиль армиясының қызметкері Гилад Шалит.

Израиль армиясының қызметкері Гилад Шалит.

Израиль үкіметі ХАМАС тобы кепілде ұстап отырған өз сарбазы Гилад Шалитті босату туралы келісімді бекітті.

2006 жылы бүлікшілер ұрлап әкеткен Гилад Шалит жақын күндері үйіне оралатын болады деп мәлімдеді сейсенбі күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

ХАМАС тобының саяси жетекшісі Халед Мешаальдің айтуынша, Шалитті қазірде израиль түрмесінде отырған 1027 палестиналыққа айырбастамақ. Израиль оларды екі айдың көлемінде біртіндеп босатуға келіскен.

Алайда, олардың арасында кісі өлтіру және терроризм айыптары бойынша жазаларын өтеп жатқан екі палестиналық – Марван Баргути мен Ахмед Саадат жоқ деп хабарлады Израиль билігі.
XS
SM
MD
LG