Accessibility links

Ауған дипломаты БҰҰ-ның Косовадағы миссиясын басқарады


Фарид Зариф - БҰҰ-ның Косовадағы миссиясының басшыcы.

Фарид Зариф - БҰҰ-ның Косовадағы миссиясының басшыcы.

БҰҰ-ның Косовадағы миссиясының басшылығына ауған дипломаты Фарид Зариф тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Италия азаматы Ламберто Занниер атқарған.

Фарид Зариф 1980-жылдары БҰҰ жанындағы Ауғанстанның тұрақты өкілі болған. Онан кейін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас кеңсесінде жұмыс істеген. Сонымен бірге ол Эритрея, Либерия, Ирак және Судан елдеріндегі бейбітшілік және гуманитарлық миссиялардың жұмысына қатысқан.

Биыл тамыз айында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Косовадағы өзінің жеке арнайы өкілі етіп Фарид Зарифті тағайындаған еді.
XS
SM
MD
LG