Accessibility links

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына үміткерлер қатарында


«Оскар» сыйлығы.

«Оскар» сыйлығы.

Режиссер Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» көркем фильмі америкалық киноакадемияның «Оскар» сыйлығынан үміткер шығармалар бәсекесіне қатысып отыр. Кионоакадемияның сайтында «Оскар» сыйлығының «Үздік шетелдік фильм» номинациясына ұсынылатын 63 елдің кинотуындылары арасында Қазақстаннан осы фильм аталған.

Ал дәл осы жүлдеге Ресейден Егор Кончаловскийдің әкесінің бауыры, белгілі режиссер Никита Михалковтың "Утомленные солнцем-2. Цитадель" фильмі таласпақшы.

Осы тізімнен байқауға қатысатын бес фильм іріктелініп алынады, таңдаудың қандай туындыларға түскені алдағы жылы қаңтар айының 24-інде белгілі болмақ.

Ал 84-ші «Оскар» сыйлығын жеңімпаздарға табыс ету салтанаты 2012 жылы ақпанның 26-сы күні өткізіледі.
XS
SM
MD
LG