Accessibility links

Министрлік: Балқаш түрмесінде 16 тұтқын өзін-өзі жарып жіберді, ешкім қашпады


Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы колонияда шілде айында болған жарылыстан қаза болған тағы төрт адамның мәйіті кімдікі екені анықталды деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі.

"Осы жылдың тамыз айында жасалған сараптама қорытындысына сәйкес, 12 тұтқынның мәйіті кімдікі екені анықталған болатын. Қалған мәйіттерді тексеру үшін геномды-молекулярлық сараптама жасау тапсырылған еді. Өткен аптада осы сараптаманың нәтижесі бойынша тағы төрт мәйіттің кімдікі екені анықталды", - деді министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділдә Ораз сәрсенбі күнгі баспасөз-мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 11-не қараған түні Балқаш түрмесінде колония күзетшісін өлтіріп, қашпақшы болған 16 адам түрме аймағындағы өндіріс цехына тығылып, арнайы күштер келгенде өздерін жарып жіберді деп хабарланған болатын.

Кейін жарылыс болған жерден 12 адамның мәйіті табылып, 4 тұтқынның қашып кеткені айтылған еді.
XS
SM
MD
LG