Accessibility links

Словак партиялары құтқару қорына қатысты келіссөз бастады


Словакия премьер-министрі Ивета Радичова парламенттегі дауыс берулерден кейін баспасөз мәслихатын өткізді. Братислава, 11 қазан 2011 жыл.

Словакия премьер-министрі Ивета Радичова парламенттегі дауыс берулерден кейін баспасөз мәслихатын өткізді. Братислава, 11 қазан 2011 жыл.

Словакия үкіметтік коалициясы жетекшілері бүгін негізгі оппозициялық партияның басшысымен кездесіп, еуро аумақтың құтқару қорын кеңейту жөніндегі ұсынысқа қолдау білдіру мәселесін талқылады.

Сейсенбі күні Словакия парламенті аталмыш жоспарды мақұлдамаған еді. Хабарларға қарағанда, бұл ұсынысқа қатысты жаңа дауыс берулер бейсенбіде болуы мүмкін.

Еуро аумақтағы елдердің қарыз мәселесін шешуге көмектесетін 440 миллиард еуролық Еуропалық қаржы тұрақтылығы қорын кеңейту жоспары өте маңызды деп есептеледі. Словакия бұл ұсынысқа қатысты дауыс беруге тиіс 17 елдің ең соңғысы болатын.

Бүгін Еуропа Одағының президенті Херман ван Ромпуй мен Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Словакияны "еуро аумақтағы барлық елдердің, оның ішінде словак халқының мүддесі үшін" тез арада құтқару қорын кеңейту жоспарын мақұлдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG