Accessibility links

HRW жұлдыздарды Қадыровтан алған ақшаны қайтаруға шақырды


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров пен актер Жан-Клод Ван Дам. Грозный, 5 қазан 2011 жыл.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров пен актер Жан-Клод Ван Дам. Грозный, 5 қазан 2011 жыл.
Адам құқықтарын қорғайтын "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы Грозный қаласы күнінің тойлануына қатысқан кейбір танымал адамдарды Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтан алған ақша мен сыйлықтарды қайтаруға шақырды.

35 жасқа толған президент Қадыровтың туған күнімен тұспа-тұс келген қазанның 5-і күнгі мейрамға Голливуд жұлдызы Жан-Клод Ван Дам, актриса Хилари Суонк, скрипкашы Ванесса-Мэй және тағы басқа бірқатар танымал адамдар қатысқан болатын.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жұлдыздардың Грозныйдағы тойлауларға қатысуы үшін көп ақша төленген.

Нью-Йорктегі Human Rights Watch ұйымының айтуынша, елдегі адам құқықтарының бұзылуына Қадыровтың қатысы бар.
XS
SM
MD
LG