Accessibility links

Еуропа Одағы Иранды АҚШ сот жүйесімен ынтымақтасуға шақырды


Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Майя Кочанчич.
Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Майя Кочанчич.
АҚШ вице-президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Вашингтонда Сауд Арабиясының елшісіне қастандық жасалмақшы болды делінген әрекет үшін Иран жауапты болады.

Оның алдында Обама әкімшілігі басқа елдердің үкіметтерімен Иранды одан сайын оқшаулау мәселесіне қатысты келіссөздер өткізіп жатқанын хабарлаған болатын. АҚШ ресми өкілдері АҚШ-та Сауд Арабиясының елшісіне жасалмақшы болған шабуылдың алдын-алғандарын айтып отыр. «Дипломатқа қастандықты жасамақ болды» деп айыпталған екі азаматтың Иран үкіметімен байланысы бар көрінеді.

Иран бұл айыптауларды «шындыққа жанаспайды және негізсіз» деп жоққа шығарды.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Майя Кочанчич Иранды АҚШ сот жүйесімен ынтымақтасуға шақырды.

«Біз АҚШ-тың сот жүйесі даулы қылмыстық әрекет туралы мәселені тезарада анықтайды деп сенеміз. Егер фактілер расталса, ол халықаралық заңдардың бұзылуын білдіреді. Оның үлкен халықаралық салдары болады. Біз Иран үкіметін АҚШ-тың әділет жүйесімен толық ынтымақтасуға шақырамыз», - деді Кочанчич.
XS
SM
MD
LG