Accessibility links

АҚШ ұшағының Пәкістанда бүлікшілерге соққы бергені хабарланды


АҚШ әскери күштерінің өздігінен ұшатын ұшағы.

АҚШ әскери күштерінің өздігінен ұшатын ұшағы.

АҚШ-тың жерден басқарылатын ұшағы бүгін Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас солтүстік Вазиристан аймағындағы Мираншах қаласының маңында бір ауылдағы үйге әуеден екі зымыран жіберген. Бұл туралы Пәкістанның жергілікті билік орындары хабарлаған.

Соққы салдарынан төрт бүлікшінің өлгені туралы айтылып отыр.

Биылғы мамыр айынан бері америкалық әлгіндей ұшақтар Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы таулы аймақтарда қарулы бүлікшілер мен олардың базаларының көзін жою мақсатында 30-ға жуық осындай операцияны іске асырды.

Пәкістан билігі АҚШ ұшақтарының мұндай соққыларын мемлекет тәуелсіздігіне қол сұғу деп бағалайтыны туралы әлденеше рет мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG