Accessibility links

Индонезияның Бали аралында күшті жер сілкінісі тіркелді


Индонезияның Суматра аралының батыс бөлігіндегі жер сілкінісінен зардап шеккен үй. 26 қазан 2010 ж. (Көрнекі сурет)

Индонезияның Суматра аралының батыс бөлігіндегі жер сілкінісінен зардап шеккен үй. 26 қазан 2010 ж. (Көрнекі сурет)

Индонезияның Бали аралының жағалауы маңында 6 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелгені туралы АҚШ геологиялық қызметі хабарлады.

Жер сілкінісінің кіндігі Бали аралындағы Денпасар қаласынан 100 шақырымда жерде болған деген дерек айтылып отыр. Жер сілкінісінен ондаған адам зардап шегіп, ғимараттардың қирағаны туралы айтылады. Әзірге цунами қаупі туралы хабар болған жоқ.

Бали аралы шетелдік туристер көп баратын жерлердің бірі.

2004 жылы желтоқсанда Индонезияның Суматра аралының солтүстік-батыс жағалауы маңында теңіздегі зілзала салдарынан пайда болған алапат цунами Үнді тынық мұхиты аймағында орналасқан 12 елде жүздеген мың адамның өмірін қиған еді.
XS
SM
MD
LG