Accessibility links

Ақтөбеде түзеу колониясының бастығы тұтқындалған


Ақтөбедегі УК 168/2 түзеу мекемесіне кіргізетін орын. 19 сәуір 2010 ж.

Ақтөбедегі УК 168/2 түзеу мекемесіне кіргізетін орын. 19 сәуір 2010 ж.

Ақтөбедегі УК 168/2 түзеу мекемесінің бастығы қамауға алынғаны туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі ақпарат таратты.

«Жалпы тәртіптегі №168/2 түзеу колониясының бастығы подполковник Александр Баталов тергеу абақтысына қамалды. Оған қатысты Қазақстан қылмыстық кодексінің 308 бабы бойынша («Билікті немесе қызмет өкілеттігін асыру») деген айыппен іс қозғалды», - деп хабарлаған агенттікке қылмыстық атқару жүйесі комитетінен.

Күдіктінің ісімен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті айналысып жатқаны айтылып отыр. Алайда ҰҚК департаменті әзірге бұл ақпаратқа қатысты еш түсінік берген жоқ.

Заңға сәйкес, аталған бап бойынша сотталған адамға 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG