Accessibility links

«Нұр Отан» партиясы Өскемен филиалы комиссиясының басшысы өлтірілді


«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы комиссиясының басшысы Валерий Проскуряков оққа ұшқан жер. Өскемен, 13 қазан 2011 жыл.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы комиссиясының басшысы Валерий Проскуряков оққа ұшқан жер. Өскемен, 13 қазан 2011 жыл.

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы комиссиясының басшысы Валерий Проскуряков атып өлтірілді деп хабарлады бүгін қазақстандық ақпарат агенттіктері.

Полиция өкілдерінің айтуынша, Валерий Проскуряковты өз үйінің жанында көлікке міне бергенде белгісіз біреу басынан атып өлтіріп кеткен.

Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Валерий Проскуряков бұл қызметке келгенше Шығыс Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, кеңес төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG