Accessibility links

Болгарияда журналистің көлігінде жарылыс болды


Болгария картасы.

Болгария картасы.

Болгарияның астанасы София қаласында бейсенбі күні кешкі сағат онның шамасында журналист Сашо Диковтың автокөлігінде жарылыс болған. Жарылыстың екпінінен сол маңдағы үйлердің терезелерінің әйнегі шағылған. Әйтеуір адамдар зардап шекпеген.

Қолдан жасалған жарылғыш зат көліктің астына орнатылған деген болжам айтылып отыр.

Жеке меншік телеарнаның бағдарлама директоры болып істейтін Сашо Диков билікті өткір сынайтын журналист ретінде танымал.

Осы жарылыс болардан бірнеше сағат бұрын Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозудың Болгарияға екі күндік сапары басталған еді.

Болгарияда қазанның 23-інде ел президенті және жергілікті билік органдарының сайлаулары өтпекші.
XS
SM
MD
LG