Accessibility links

Ресейде "Нерпа" сүңгуір қайығындағы апатқа қатысты айыпталғандар ақталды


Ресей сүңгуір қайығы. (Көрнекі сурет)

Ресей сүңгуір қайығы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейдің Тынық мұхит әскери флотының соты "Нерпа" сүңгуір қайығындағы апатқа қатысты айыпталғандарды ақтау туралы шешім шығарды.

Бұл іс бойынша айыпталған екеу - капитан Дмитрий Лаврентьев пен матрос Дмитрий Гробовты қыркүйектің 30-ы күні алқабилер де кінәсіз деп таныған болатын.

2008 жылы қарашаның 8-і күні Ресей әскери-теңіз күштерінің "Нерпа" сүңгуір қайығы Жапон теңізіндегі сынақ кезінде апатқа ұшырап, қайықтың 2 бөлігінде өрт сөндіру жүйесінен фреон мен тетрахлорэтилен қоспасы шашылған. Соның салдарынан 20 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG