Accessibility links

Қазақстан жер ресурстары агенттігінің басшылығы қамауға алынды


Кісендер мен түрме торы. (Көрнекі сурет)

Кісендер мен түрме торы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков үйқамаққа алынып, оның орынбасары Бақытбек Нақыпбеков сот шешімімен тұтқындалған. Бұл туралы ақпаратты Қазақстан қаржы полициясы растағаны туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлап отыр.

Қаржы полициясы жер ресурстары басқармасы агенттігінің басшылығына қарсы "Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінің картасын жасауға бөлінген бір миллиард теңгені орынсыз жұмсаған" деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған. ($1=148 теңге)

Сонымен қатар «Казгеодезия» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында басшы қызметтерде болған бірнеше адамға айып тағылып, олардың кейбіреуі де қамауға алынғаны хабарланып отыр.

2008 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан жер ресурстары басқармасы агенттігінің басшысы болып істеп келген Өмірзақ Өзбеков оған дейін Қазақстанның Қырғызстандағы, ал оның алдында - Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Алматы облысының әкімі қызметтерінде болған.
XS
SM
MD
LG