Accessibility links

Италия парламенті премьерге сенім білдіру мәселесін дауысқа салады


Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони.

Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони.

Бүгін Италия парламенті елдің премьер-министрі Сильвио Берлускониге сенім білдіру мәселесін дауысқа салады. Қарыз дағдарысына қатысты алаңдаушылық күшейіп отырған Италия қоғамында үкімет жетекшісіне қатысты дау-дамай да басылар емес.

Егер бүгінгі дауыс беру нәтижесі билік басындағы оңшылдар коалициясының пайдасына шешілмесе, онда Берлускони отставкаға кетуге мәжбүр болады.

Бұған дейін парламентте жоспарланған заң жобасы қабылданбай қалып, оппозиция премьердің дереу қызметінен кетуін талап еткен соң үкіметке сенім білдіру мәселесін дауысқа салу туралы шешім қабылданған еді.

Жақында халықаралық несие агенттіктері Италияның рейтингісін төмендетті. Оған бұл елдің еуро аймағындағы ең үлкен бюджет тапшылығы негіз болды.
XS
SM
MD
LG