Accessibility links

Көлік прокуратурасы: "1,5 жылда 60 мың жолаушының құқығы бұзылған"


Алматы халықаралық әуежайы.
Алматы халықаралық әуежайы.
Қазақстан әуежайларында жолаушылар тасымалдайтын рейстердің кешіктірілуі кесірінен ондаған мың адамның құқығы бұзылған. Бұл туралы ақпарат бүгін Қазақстан бас көлік прокуратурасының сайтында жарияланды.

«Әуе рейстерінің кешіктірілуі салдарынан елде 2010 жыл мен 2011 жылдың бірінші жартысында 60 мыңнан аса жолаушының құқығы бұзылғандығы анықталған», - деп жазылған ресми хабарламада.

Сонымен бірге, бас көлік прокуратурасы, әуе тасымалы саласы сияқты темір жолда да жолаушылар және жүк тасымалы саласы бойынша «жүйелі түрде заңның бұзылуына жол берілгендігін» атап көрсеткен.

Прокуратура елдегі 284 темір жол вокзалының 160-сы "қанағаттанарлықсыз", ал 32 вокзал - "апатты жағдайда" тұрғанын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG