Accessibility links

Сириядағы қақтығыстарда 19 адам мерт болды


Қаладағы алаңда тұрған әскери танк. Хула, Сирия, 10 қазан 2011 ж.

Қаладағы алаңда тұрған әскери танк. Хула, Сирия, 10 қазан 2011 ж.

Сирияда соңғы тәуікте үкіметке қарсы наразылық шарасына шыққандар мен әскерилер арасында болған қақтығыстар салдарынан кемінде 19 адамның көз жұмғаны, олардың арасында әскери қызметшілердің де бар екендігі хабарланды.

Ұлыбританияда орналасқан сириялық құқық қорғау ұйымының деректері бойынша, өлгендердің көпшілігі елдің солтүстігіндегі Банаш қаласында болған қақтығыс құрбандары. Бұл қаладағы наразылықты басу үшін билік әскери техника кіргізген болатын.

Сирияның оңтүстігіндегі Дераа провинциясында қарулы топтың жаудырған оғынан жеті әскери адам өлгені туралы ақпаратты тәуелсіз ақпарат көздерінен анықтау мүмкін болмай отыр. Сирияда жаппай халық толқулары басталған наурыз айынан бастап шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының ел аумағында жұмыс істеуіне билік тыйым салған.

Ресми Дамаскіден қантөгісті дереу тоқтатуды талап етіп отырған Еуропа одағы бейсенбі күні Сирияға қарсы санкцияны тағы да қатайтты. Сирия мемлекетінің валюта қорының ауқымды бөлігі сақталған Сирия коммерциялық банкінің мемлекеттік активтеріне тоқтау салынды.
XS
SM
MD
LG