Accessibility links

Ресей Днестр маңы аймағы басшысын биліктен кетуге шақырды


Жікшіл Днестр маңы аймағының жетекшісі Игорь Смирнов. Мәскеу, 18 наурыз 2009 жыл.

Жікшіл Днестр маңы аймағының жетекшісі Игорь Смирнов. Мәскеу, 18 наурыз 2009 жыл.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Молдованың жікшіл Днестр маңы аймағы жетекшісін келесі мерзімге президент сайлауына түспеуге шақырды.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент әкімшілігінің басшысы Сергей Нарышкин 70 жастағы Игорь Смирновтың бесінші мерзімге 11 желтоқсандағы президент сайлауына түсуі қателік болады деп мәлімдеген.

Нарышкин Еуропадағы ең кедей аймақтардың бірі Днестр маңы аймағының президенті Смирновты жеке бас билігі жағдайын орнатып, аймақты әлеуметтік және экономикалық дағдарысқа ұшыратқаны үшін сынады.

Нарышкин жікшіл Днестр маңы аймағындағы парламент спикері Анатолий Каминский жаңа президент бола алады деген ұсыныс жасады.
XS
SM
MD
LG