Accessibility links

АҚШ пен Қазақстан энергетикалық ынтымақтастық жоспарын қабылдады


Астанада АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының сегізінші отырысы өтті. Бүгінгі жиынға Қазақстанның мұнай мен газ министрі Сауат Мыңбаев және АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Даниэль Понеман жетекшілік етті деп хабарлайды мұнай мен газ министрілігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, екі жақ ядролық қауіпсіздік пен атом энергетикасы, көмірсутек ресурстары және электр қуаты саласындағы ынтымақтастық бойынша жоспарды қабылдады.

АҚШ пен Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының кезекті отырысы 2012 жылы Вашингтонда өтеді деп жоспарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG